Спорт

Көріпкел әйел Головкин –"Канело" жекпе-жегі қалай аяқталатынын айтты

"Головкин – Альварес" реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр
Sputnik

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Мексиканың танымал экстрасенсі әрі астрологы Мони Виденте Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz

Леффлер GGG - "Канело" жекпе-жегі болмайды деген қауесетке қатысты пікір білдірді

"Мен мынаны көріп тұрмын: бұзылған етпен немесе онсыз болсын, "Канело" бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді", — деді Виденте. 

Егер Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) мексикалық боксшыға қанынан тыйым салынған зат (кленбутерол) табылуына байланысты санкция қолданбаса, "Головкин — Альварес" реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. 

Айта кетсек, Виденте қос боксшының 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегіне де болжам жасаған еді. 

"GGG — өте мықты қарсылас, сондықтан "Канело" абай болуы керек. Ол сенің әр қимылыңды мұқият зерттеп жүр, кейін жекпе-жекте ең мықты қаруын қолданады. "Канело" 11-раундта қарсыласынан басым түседі, сосын төрешілер шешімімен жеңіске жетеді", — деген еді Мони.