АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қарағанды облысында бірнеше ғимараттың шатырына зақым келді, деп хабарлайды Хабар 24.
Қатты дауыл Қарағандыдағы Мұз айдыны спорт сарайы мен тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті. Атасу кентінде аграрлық колледж шатырының 300 шаршы метрін ұшырып әкетті. Шахтинскте орталық ауруханада да ғимараттарға зақым келді.
"Қатты желден зардап шеккендер жоқ. Шатырдың сынықтары жиналды. Жергілікті билік облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп ғимаратты жөндеу мәселесін шешіп жатыр", — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айдана Жүніс.