Қоғам

Ғалымдар ірі қалаларда тұру неге қауіпті екенін айтты

Адамның терісінде ұсақ ағза көп болған сайын, тері ауруларына шалдығу қатері төмендейді
Sputnik

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Ауылда өмір сүретіндерге қарағанда ірі қалалар халқы тері ауруларымен жиі ауырады. Оңтүстік Кореядағы бірнеше ғылыми зертхананың ғалымдары осындай қорытындыға келді, деп жазады РИА Новости

Бұған дейін ғалымдар тері ауруларына ауаның ластануы себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Ғалымдар теледидар өмірге аса қауіпті екенін айтып, дабыл қақты
 

Зерттеушілер адам терісін мекен еткен ұсақ ағзалардың "өміріне" талдау жасады. Ол үшін Қытайдың бес қаласында тұратын 231 әйелден анализ алған. Үшеуі үлкен қала саналса, қалған екеуі – мегаполис. 

Зерттеу барысында үлкен қалаларда тұратындарға қарағанда мегаполис тұрғындарының терісінде микроорганизм анағұрлым аз екені анықталды. Тиісінше, ұсақ ағза теріде көп болған сайын, дерматитпен ауыру қатері де төмен болады. 

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ дерматологтары қымбат косметика мен пластикалық хирургтердің көмегінсіз бетті жасартудың әдісін тапқан болатын. Ол үшін күніне жарты сағат мимикалық гимнастикамен айналысу жеткілікті. Мамандар "бетке арналған жаттығудың" 20 апталық бағдарламасын әзірледі.