Оқиға

Алматыда қыз бен жігітті көлік қағып кетті

Қыз дәрігерлер келгенше жан тапсырған, ал жігіт әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды
Sputnik

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Марков көшесі қиылысында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті.

Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиға куәгерлері хабарлағандай, Toyota Camry көлігі Әл-Фараби даңғылымен келе жатады, Марков көшесімен қиылысқа жете бергенде, жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болған үш адам алдынан жүгіріп шығады. Жүргізуші тоқтап үлгермей, екеуін қағып кеткен – қыз бен жігітті.

Қатты соққыдан қыз жедел жәрдем келгенше жан тапсырды, ал жігіт әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын тергеп жатыр.