Өңірлер

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, боран, бұрқасын, оңтүстікте күн күркірейді
Sputnik

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Атырау және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады.

Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің екпіні — 15-20, бұрқасын — 23-28 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – тұман, төменнен соққан боран.

Павлодар облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, күндіз төменнен соққан боран, желдің екпіні — 15-20 м/с, Қарағанды облысында — көктайғақ.