Әлем

Қонақ үйден 33 жастағы кәсіпкер мен оның бала-шағасының мәйіті табылды

Тәжік кәсіпкері отбасымен бірге кіші қажылық жасау үшін Мединеге барғаны анықталды
Sputnik

АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Сауд Арабиясы қаласындағы қонақ үйлердің бірінен 33 жастағы тәжік кәсіпкері Бахтиер Додохонов пен оның әйелі және екі баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды centralasian.org. 

Павлодар облысында өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды
Додохоновтардың туыстары марқұмдардың денелері 5 наурызда табылғанын, бұл хабарды келесі күні ғана естірткенін айтты.

Әзірге Тәжікстан және Сауд Арабиясы бірнеше кісінің өліміне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.

Бахтиер Додохонов Тәжікстанда белгілі кәсіпкер болды. Он күн бұрын ол отбасымен бірге кіші қажылық жасау үшін Мединеге кеткен. Умра 21 күнге созылады. Додохоновтардың елге қайтатын билеттері болған.