Өңірлер

Павлодар облысында өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, жеке үй тұрмыстық техниканың қысқа тұйықталуынан өртенген
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Павлодар облысының Кенжекөл ауылында өрттен 37 жастағы әйел қаза тауып, жасөспірімді қатты күйік шалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  

Қарағанды тұрғыны өрт кезінде екі баланы балконнан тастап жіберді
Ведомствоның мәліметінше, ауылдағы жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама құтқарушыларға сейсенбі күні сағат 16:11-де түскен. Сағат 19:05-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан 37 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Денесінің 70 процентін күйік шалған 2001 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.   

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт тұрмыстық техниканың қысқа тұйықталуынан шыққан.  

 Sputnik Қазақстанға облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ирина Орсагош хабарлағандай, жасөспірім хәл үстінде жатыр. Денесінің 70 проценті қатты күйіп қалған.