Өңірлер

Синоптиктер мереке күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

8-12 наурызға арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қазгидромет мереке күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанада таңертең бастауыш сыныптарға сабақ болмайды

Елімізде мереке және демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.

"Республиканың оңтүстік, оңтүстік шығысы және шығыс өңірлерінде жауын-шашын, қатты жел болады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Температураның жоғарылауына ықпал ететін циклон Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8…13, кейбір жерлерде 18, 15…20, кей жерлерде 25 градус, шығысында 3…8 жылы болады", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық, ылғалды ауа массалары ығыса бастайды. Осыған байланысты қар мен жаңбыр жауып, боран соғады. Көктайғақ болып, желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейіп, күн суытады деп болжанып отыр.