Қоғам

Нұрлан Нығматулин әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Мәжіліс төрағасы әріптестерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысы аяқталған соң төраға әйел депутаттарды мерекемен құттықтады.

"8 наурыз – халықаралық әйелдер күні келе жатыр. Бұл — көктемнің ең әдемі, ең көрікті, ерекше мерекелерінің бірі. Сондықтан аяулы әріптестерімізді ертеңгі көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш, жұмыстарыңызға табыс тілеймін", — деді Нығматулин.