Өңірлер

Атырауда дәрігерлердің хош иісті мүшеқапқа тапсырыс беруі жұртты елең еткізді

Атыраулық дәрігерлер неліктен шие иісті мүшеқапқа тапсырыс бергендерін түсіндірді
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Шие иісті мүшеқап сатып алатындарын жариялаған атыраулық дәрігерлердің әрекеті жұртты елең еткізген болатын. Қала маңындағы Геолог ауылының емханасы сайтында осындай хабарлама жарияланған, деп жазады КТК.

Жасанды дәрі-дәрмекпен күрес: ҚР-да әр дәрі қаптамасында бірегей код болмақ

Хабарламада жазылғандай, емхана басшылығы латекстен жасалған 1000 дана мүшеқаптың әрқайсысын 40 теңгеден аламыз деп көрсеткен. Бірақ, неге екені белгісіз, оның шие иісімен болуын атап өтіпті. 

Ал, дәрігерлер мұнда тұрған ештеңе жоқ дейді. Өйткені, осы уақытқа дейін алып келген мүшеқаптары арзан болғандықтан, трансвагиналды ультрадыбысты зерттеулер кезінде жыртылып кетеді екен. Табиғи латекстен жасалып, әрі жеміс-жидектің хош иісі бар мүшеқаптар сапалы болғандықтан таңдау соған түсіпті. 

"2017 жылы презервативке тапсырыс бергенде, бізге сапасы жағынан төмен келді. Себебі бір адамның жатыр іші қуысын зерттеген кезде, презервативті пайдаланғанда, ол жыртылып кететіндіктен 2-3 презерватив жұмсауға тура келетін. Не себепті шие деп көрсетілген? Басқалары да болады. Бізге бәрібір. Жай мүшеқап болып қалмасын деп бергенбіз", — дейді дәрігер-гинеколог Диляра Мұхтарова.