Өңірлер

Оралда көз жұмған мұғалімнің туыстары жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты

Мұғалімнің не себепті көз жұмғаны хабарланбайды, ол жедел жәрдем келгенше жан тапсырған екен
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. ҰБТ орталығында қайтыс болған мұғалімнің туыстары жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты, деп хабарлайды "Уральская газета".

Оқушыларды ҰБТ орталығына алып барған мұғалім көз жұмды

Бұдан бұрын хабарланғандай, "103" нөміріне хабар 5 наурызда 13.13 кезінде түскен, дәрігерлер оқиға орнына бес минутта аттанып, 13.28-де жетеді. Фельдшер әйел адамның жедел жәрдем келгенше жан тапсырғанын айтқан.

"Көмек көрсетуге барған бригаданың фельдшерін мұғалімнің туыстары соққыға жықты, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басылымға. — Ол облыстық ауруханадан анықтама алды, "сол жақ кеудесінен жарақат алған" деп диагноз қойылды". 

Қайтыс болған мұғалім диспансерлік тіркеуде болмаған, мемлекеттік медициналық ұйымдардан да медициналық көмек алмапты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының пікірінше, жедел жәрдем бригадасының әрекеті бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сай келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Орал қаласында Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқушыларының көз алдында №32 мектептің 11-сынып жетекшісі қайтыс болды. Түскі ас кезінде болғандықтан, ЖОО-ның медициналық қызметкері өз орнында болмапты. Мұғалім қазасының себебі әлі белгісіз, алайда әріптестері әйел адамның қан қысымы жоғары болғанын айтты.