Қоғам

Астанада таңертең бастауыш сыныптарға сабақ болмайды

Астанада қатты жел салдарынан осымен екінші күн оқушыларға сабақ болмайтын болды
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. 7 наурызда бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 наурызда бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді", — делінген хабарламада.

6-7 наурызда тәулік бойы Ақмола облысы мен Астанада қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды, желдің жылдамдығы – 25-30 м/с.

Қандай ауа райында мектептерде сабақ тоқтатылады