Өңірлер

Солтүстік Қазақстан мұз құрсауында қалды

Солтүстік Қазақстанда ауа райы қолайсыздығынан жол апаты көбейіп кетті
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жел мен жаңбыр және төмен ауа температурасы салдарынан нағыз көктайғақ пайда болды: жолдар мен тротуарларды көк мұз басып, жол апаты жиілеп кетті. Құлап жарақат алғандар саны да артып, ауруханаға ағылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қостанай облысында ер адам мен әйел үсіп қала жаздады

Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан қала мен облыс тас жолдарында көлік апаты күрт көбейіп кетті. Әлеуметтік желіде апат орнында түсірілген суреттер толып тұр. 

Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің мәліметінше, жаңбыр мен көктайғақ салдарынан барлық жолда көлік қозғалысы шектелген. 

Петропавлда тіпті қоғамдық көліктер де тоқтап қалыпты. Мектеп оқушылары үйлеріне күн жарықта қайтуы үшін ертерек сабақтан босатылды.