Оқиға

Қостанай облысында ер адам мен әйел үсіп қала жаздады

Ауыл тұрғындарының қол-аяғы жеңіл-желпі үсіп, ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Қостанай облысында Көктал ауылының тұрғындары жапан далада адасып кеткен.

Жамбыл облысында алты адам ай далада үсіп қала жаздады

Өткен жексенбіде 46 жастағы ер адам мен 47 жастағы әйел Қарамеңді ауылына қарай жаяу шығып, ауа райының қолайсыздығынан жолды таба алмапты.

Адамдардың ай далада адасып кеткені туралы хабар құтқарушыларға 22.00 кезінде жетті. Құтқару тобы ер және әйелмен телефон арқылы хабарласады.

Ер адамды сағат 02.40 кезінде тапқан, ал әлі құрып, әбден қалжыраған әйел 03.00-де табылыпты. Тұрғындардың қол-аяғы жеңіл-желпі үсіп, ауруханаға жеткізілді.