Спорт

Путин мен ФИФА президенті футбол ойнады

Владимир Путин мен FIFA президенті Джанни Инфантино Кремльдің қонақтар қабылдайтын жасыл бөлмесінде доп теуіп ойнады
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Аты аңызға айналған футболшылар мен Ресей президенті Владимир Путин әлем чемпионатына дейін күн санауды бастады.

Бразилиялық Роналдо, аргентиналық Диего Марадона, неміс Мирослав Клозе, португалиялық Нуну Гомеш, испаниялық Карлес Пуйоль, уругвайлық Диего Форлан, австралиялық Гарри Кьюэлл және басқа да құрама жұлдыздары  "Әлем чемпионаты-2018 басталуына 100 күн қалды" ролигіне түскен.

Владимир Путин мен FIFA президенті Джанни Инфантино Кремльдің қонақтар қабылдайтын жасыл бөлмесінде доп теуіп ойнады. 

Футболдан әлем чемпионаты Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді.