Спорт

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа біржолата ауысты

Олимпиададағы жеңісінен кейін Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысқанын хабарлаған еді, алайда көп ұзамай шешімін өзгертіп, әуесқой боксқа қайтып оралған болатын
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik.  2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Boxing Star LLC промоутерлік компаниясымен эксклюзивті келісімшарт бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Боксшының промоутері – британиялық Эдди Хирн. 

Данияр Елеусінов қазақстандықтармен қоштасты
"Сіздердің олимпиада жұлдыздарыңыз бізбен бірге жұмыс істейтінін қуана хабарлаймын. Біз Даниярмен келісімшарт бекіттік, бұдан басқа біздің командада Энтони Джошуа секілді басқа да бокс жұлдыздары бар. Данияр алдағы уақытта Нью-Йорк пен Лондонда жаттығады. Болашақта Даниярды әлем чемпионы қылуға жүз пайыз кепілдік беремін", — деді Хирн. 

Елеусінов кәсіпқой боксқа біржолата ауысты

Boxing Star LLC директоы Зия Алиевтің айтуынша, алғашқы жекпе-жек 28 сәуірде Нью-Йоркте өтеді. Ал екінші кездесу 2 маусымға Лондонда жоспарланған. 

"Карьерама қатысты алдағы жоспарым өзіме ұнайды. Әкем үнемі қасымда болады, мені жекпе-жектерге жаттықтырады… Мұның алдында кәсіпқой боксқа түбегейлі бет бұрмап едім. Себебі биікке шығатын мүмкіндік болған жоқ. Австралиялық компания келісімшарт бойынша міндеттерін орындамады. Сосын мен де әуесқой боксқа қайтып оралдым. Өткен айда матчтық кездесулерге қатысқан болатынмын, одан кейін Эдди Хирннан ұсыныс түсті. Кәсіпқой боксқа ауысуды іштей көптен бері ойлап жүр едім. Сондықтан мен қызығушылық танытқаннан кейін осындай шешімге келдім", — дейді Елеусінов.

Кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралмақ
Даниярдың айтуынша, 28 сәуірде өтетін жекпе-жекке қарсылас әлі таңдалған жоқ. 

"Бұл форматта жұдырықтасып көрмегеннен кейін асығыстық жасамаймыз, ең мықты қарсылас таңдап аламыз деген ой жоқ. Қарсылас кім болатыны әзірге белгісіз, командамен ақылдасып шешеміз", — деді боксшы.