АСТАНА, 6 наурыз– Sputnik. Орал қаласына жақын маңдағы Деркөл елді мекеніндегі ескі бейіттің аумағынан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлады "Мой ГОРОД".
Бейіттегі нәрестенің денесін оқушылар тауып алған, олар сол маңнан өтіп бара жатқан адамды көмекке шақырған. Орал тұрғыны Гиният Мәмбетовтың айтуынша, мәйіт шүберекке ораулы болған. Ол полиция шақырыпты.
Бала бейітке қашан апарылғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.