Фото

Керемет көйлектер: Оскар-2018 салтанатындағы жұлдыздар образы

Sputnik

Қазақстандық сарапшы Арина Кеян Sputnik агенттігімен жұлдыздардың образы туралы пікірімен бөлісті.

Бүгінгі фотосуреттер топтамасында сарапшының пікірінше ең үздік көйлектерді тамашалай аласыздар.

1 / 16
Сән сарапшысының пікірінше, ең сәтті шыққан образ Николь Кидманға тиесілі: қанық көк түс, ерекше тартымды үлгідегі көйлек.
2 / 16
Сирша Ронан өзінің талғамына сай киінген – ерекше үлгідегі, көпшілікке түсініксіз, бірақ әсем көйлек. Бұл образдың ең жарқын, есте қаларлық бөлшегі – актрисаның әдемі көздері деуге болады.
3 / 16
Дженнифер Гарднер (суретте) мен Зендая грек аруларының бейнесін таңдаған екен. Көздің жауын алатын тамаша көйлектер!
4 / 16
Зендая қызыл кілемде.
5 / 16
Эмили Блант - Эльза болып киінуді армандайтын кішкентай қыздар ғана емес, ересектер де бұған құмар. Әрқашан салмақты актрисаны мұндай образда көру таңғаларлық жайт.
6 / 16
Сандра Буллок пен Люпита Нионганың көйлектері алтынмен апталған екен. Біріншісі қатал әрі ұстамды үлгіні таңдаса...
7 / 16
... екінші ару жұрттың жадында мәңгі қалу үшін барын салған.
8 / 16
Хелен Миррен, Джейн Фонда, Элисон Дженни, Мерил Стрип, Лора Дерн ерекше образдарымен көңілден шықты. Артық-ауыс ештеңе жоқ, әдемі түс пен түзу сызықтар, әшекей-бұйымдар да менмұндалап тұрған жоқ.
9 / 16
Эллисон Дженни үздік әйел рөлін сомдағаны үшін "Оскар" сыйлығын иемденді.
10 / 16
Джейн Фонда Pierre Balmain көйлегін киіп, Chopard бұйымын таққан.
11 / 16
Мерил Стрип Christian Dior ұсынған көйлекпен жұрттың ыстық ықыласына ие болды.
12 / 16
Лора Дерннің таңдауы Calvin Klein көйлегіне түсіпті.
13 / 16
Тағы бірқатар актриса қызыл кілемге жарқ етіп шығып, айрықша әсер қалдырды. Олардың арасында: Джина Родригес,...
14 / 16
Эллисон Уильямс
15 / 16
Лесли Манн
16 / 16
... және "Қара пантера" фильміндегі рөлімен көпшілікке танылған Данай Гурира.