Балиева: сомневаюсь, что девочка могла так пострадать из-за падения с дивана
© Sputnik
Балиеваның айтуынша, баланың анасы тергеу изоляторында отыр, ал әкесі қайтыс болған. Туған-туыстарының айтуынша, бүлдіршін диваннан құлап жарақат алыпты.
"Диванның қаншалықты биік екенін білмеймін. Бірақ сонша жарақат алып, миына зақым келетіндей қандай диваннан құлау керек екенін түсінбеймін. Бұл мен үшін үлкен күмән туғызады. Бала құқығы бойынша уәкіл ретінде, қыз балаға зорлық-зомбылық жасалғаны анықталса, кінәлі адам жауапкершілікке тартылуы үшін барымды саламын", — деді Балиева тілшілерге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бес жастағы қыз бас және дене жарақатын алып ауруханаға түскен. Тексеру барысында бүлдіршіннің миынан гематома табылып, шұғыл түрде операция жасалды.