Өңірлер

Синоптиктер 8 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

6-8 наурызға арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты

Белсенді циклон Батыс Сібірге ауысады, осыған байланысты атмосфералық фронттар үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағы арқылы ығысатын болады.

7-8 наурызда суық фронттардың ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, боран, көктайғақ, қатты жел болады. Температура қысқа мерзімге көретіліп, артынан күн суытады. 

Оңтүстік облыстарда жауын-шашын, ылғалды қар, тұман түсіп, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жел соғады. 

Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланған болатын.

6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерде найзағай болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жел соғады.

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде жауын-жашын көп түседі деп болжанып отыр. Осыған байланысты, мұздықтар еріп, жазық жерлерде ағын сулар пайда болады, су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында  күндіз ауа температурасы аз уақытқа көтеріліп, жауын-шашынның (қар, жаңбыр) кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аумақта қар ериді.