Спорт

"Үй тапсырмасын орындадым". Головкин "Канелоға" сес көрсетті

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үлкен шоу сыйлауға уәде берді
Sputnik

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы екінші жекпе-жекке толық дайын, деп хабарлады Sports.kz.  

Журналист Головкиннің жоспарын әшкере қылды
"Мен үй тапсырмасын орындадым. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетуім керек екенін білемін. Бұл тіпті үлкен жекпе-жек болады (алғашқысымен салыстырғанда). Алғашқы жекпе-жек қиын соққан жоқ. Маған жайлы болды, жеңіске жеткенімді сездім. Көп уақытымды демалуға жұмсадым. Бұл жекпе-жек бұрынғысынан өзгерек болады. Болжам жасамаймын, алайда үлкен шоу сыйлаймын!",   — деді   Головкин Worldboxingnews.net сайтына берген сұхбатында. 

16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Реванш 5 мамырда өтеді.