Оқиға

Алматыда базардан өрт шықты

"Жетісу" базарында өртенген контейнерлерді 30 адам сөндірді
Sputnik

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Алматыдағы "Жетісу" базарындағы контейнерлер өртенді, деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің өкілі  Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, бес адам құтқарылды
Түркісіб ауданында базардан өрт шыққаны туралы ақпарат сағат 13.15-те түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына он минуттан кейін келді. 

 Белгілі болғандай, зат тұрған үш контейнер өртенген. Қызыл жалын бірнеше минуттың ішінде сөндірілді.  

Тілсіз жаудан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы мен бес техника жұмылдырылды.