Спорт

Екі бірдей қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Мадияр Әшкеев тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Sputnik

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Осыдан бірнеше сағат бұрын Нью-Йорктың "Madison Square Garden" аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті, деп хабарлайды 24.kz. 

Қазақстан Еуропада бокс турнирінде бірінші орын алды
Екі отандасымыз да қарсыластарын нокаутқа жіберді. Шаршы алаңға бірінші болып шыққан орта салмақтағы Мадияр Әшкеев доминикандық Хосе Антонио Абреумен жұдырықтасып, жекпе-жектің алғашқы минуттарында-ақ сұлатып түсірді. Сөйтіп кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген Мадияр 9-жеңісіне қол жеткізді. 

Ал төрт жұптың кездесуінен соң Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшы Алехандро Торреспен қолғап түйістірді. Қазақ боксшысының соққылары қарсыласын есеңгіретіп, алтыншы раундта Торреске техникалық нокаут жазылды. Бұл – Мейірімнің кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісі.