Өңірлер

Қостанайда ер адамды ит талап өлтірді

Sputnik

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Қостанайдағы кәсіпорындардың бірінің ауласында ер адамды ит талап тастады, деп хабарлады alau.kz.  

Баласын өзенге батырып жатқан әйелді ит талап тастаған
Ер адам Қостанай облысындағы ауруханаға жеткізілді. Мекеменің бас дәрігері  Юрий Моисеевтің айтуынша, ит ер адамның бірнеше жерінен қауып алған.  

"Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Ол есін жимастан көз жұмды", — деп хабарлады Юрий Моисеев.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі ақпаратты растады.  

"Ит қапқан 59 жастағы Жітіқара қаласы тұрғынының қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шегуші жұмыс істеген кәсіпорын басшысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", — деп атап өтті баспасөз қызметі.