Өңірлер

Ақтауда жол ортасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Ер адамдар жолда төбелесіп қалып, салдарынан жол қозғалысы бұзылды
Sputnik

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Ақтауда жүргізушілердің жол ортасындағы төбелесі видеоға түсіп қалды.

Бірнеше ер адам көлігінен түсіп, дауды жұдырықпен шешкен. Видеода төрт адамның бірін-бірі жұлқылап жатқаны көрінеді. 

"Даудың неден шыққанын анық білмеймін. Олар көліктен түсіп, жолдың қақ ортасында бірін-бірі сілкілеп, кім мықтыны анықтап жатқанын ғана көрдім" — дейді ролик авторы.

Куәгер жолдағы жанжал немен аяқталғанын білмейді.