Қоғам

Астанада жұртты дүрліктірген көлік картасына онлайн тапсырыс беруге болады

Сұранымды толтыру үшін Астана тұрғындары alrt.kz сайтына суретін жүктеп, аты-жөні, ЖИН және телефон нөмірін жазып қалдырса болды
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Астананың тұрғындарының жеңілдікпен қамтылған тобы аты-жөні жазылған көлік картасына онлайн тапсырыс бере алады.

"Ол үшін alrt.kz сайтының бас бетіне кіріп, "Заявка на льготную транспортную карту. Подать заявку" батырмасын басу керек. Сұранымды толтыру үшін суретін жүктеп, аты-жөні, ЖИН және телефон нөмірін жазып қалдырса болды", — деп түсіндірді Astana LRT баспасөз қызметі.

Көлік картасы дайын болғанда, Орталық касса операторлары карта иесіне хабарласады.