Қоғам

Астанада сәби тоғызыншы қабаттан құлап кете жазады

Құтқарушылар сәбиді пәтердің терезесі арқылы түсіріп алды. Баланың жағдайы жақсы
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Елордалық құтқарушылар "Изобилие" тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтер терезесінен құлап кете жаздаған төрт жастағы сәбиді құтқарып алды.

Павлодарда жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті

Оқиға 26 ақпанда "Изобилие" тұрғын үй кешенінде болған. Көпқабатты үйдің қасынан өтіп бара жатқан ер адам терезеде тұрған баланы көріп, құтқарушыларға хабарлапты.

Құтқарушылардың жедел әрекеті арқасында оқиға орнына дер кезінде жетіп, автобаспалдақ арқылы төрт жастағы сәбиді түсіріп алған. 

Балақай үйде жалғыз қалыпты. Соған байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі департамент азаматтарды балаларын үйде жалғыс қалдырмауға шақырады.