Өңірлер

Жетісайда үш миллион теңгеге әжетхана салған әкім парамен ұсталды

Бір жыл бұрын қымбат әжетхана салғызып бүкіл елге аты шыққан Жетісай қаласы әкімі Байдуалы Базарбаев ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Еrnur.kz.

Энергетика вице-министрі мен бірқатар шенеунік парамен ұсталды

Әкім бұл соманы қызметтік кабинетінде алып жатқан жерінде ұсталыпты. Аудандық соттың бас маманы Талғат Шахитдиновтың мәліметінше, қала басшысы жергілікті тұрғыннан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.

Байдуалы Базарбаев өткен жылы шаһардағы қоғамдық әжетханалардың бірінің ашылуына барамын деп, ел ішінде танымал әкім боп шыға келген еді. Қазақстандықтар әжетхана ашқан әкімді келеке етіп, көбі сынның астына алған болатын. Жұртшылықты әжетхана құрылысына кеткен қаржы көлемі де ашуға булықтырған еді. Тұрғындар оған жұмсалған 3 миллион теңгеден астам қаржыға шағын үй салуға болады деп шамданған еді.

Қазіргі таңда Байдуалы Базарбаев құны 13 млн теңгеден астам тұратын үйін кепілдікке қойып, кепілмен уақытша бостандыққа шықты. Әкімнің параны қандай мақсатпен алғаны әзірге айтылмайды. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.