Өңірлер

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, біреуі кәмелеттік жасқа толмаған. Бәрі ауруханада жатыр
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан үш адам зардап шекті, біреуі кәмелеттік жасқа толмаған.

Оралда ер адам автобус жөндеп жатып қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы екінші наурызда Оралдағы "Сайхат" аялдамасы қасында болған. Бастапқы себептер бойынша, жеңіл көлік қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, аялдамада тұрған автобусқа соғылған.

"Оралдағы автобус апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Бәрі ауруханада жатыр. Біреуі кәмелеттік жасқа толмаған", — деп жазады "Мой город".