Әлем

Қытайда үшінші бала тууға рұқсат берілуі мүмкін

2015 жылы Қытай "бір отбасы – бір бала" саясатын алып тастап, екінші балаға сүюге рұқсат берген еді
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Наурызда өтетін бүкілқытайлық жиынның жыл сайынғы сессиясында қытайлық заң шығарушылар әлеуметтік реформаларды талқылауы мүмкін. Атап айтсақ, отбасында үшінші баланың болуына рұқсат беру мәселесі қозғалмақ, деп хабарлайды РИА Новости. 

2015 жылдың күзінде Қытай билігі 1970 жылдардан бері күшінде болған "бір бала" саясатын алып тастау туралы шешім қабылдады. Сол кезде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім халықты теңдестіріп, елдің дамуын қамтамасыз етуге сеп болады деген еді.

Қытай еліміздің кей өңірлерін өз жері дей ме? Министрлік түсініктеме берді

Бұл ұсынысты Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының өкілі, адвокат Чжу Леюй тастаған. Ол халық санына қатысты саясаттың кесірінен "Қытай – туу көрсеткіші төмен елге" айналатынына алаңдаулы. 

Мемлекеттік статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы Қытайда 17,23 миллион сәби дүниеге келген. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда, 630 мыңға аз, туу деңгейі 0,52%-ға төмендеді. 2000 жылдан бері ең жоғары туу деңгейі 2016 жылы тіркелді. Алайда сарапшылар мұны шектеудің алынып тасталуымен емес, 2015 жылы ерлі-зайыптылардың қытайлық жұлдыз-жорамалға байланысты бала туғысы келмегенімен байланыстырып отыр. Өткені 2015 жылы қой жылы болған, ал Қытайда бұл бала тууға қолайсыз жыл саналады. 

Ал демография мәселелері саласындағы сарапшы Хуан Вэньчжэннің пікірінше, үшінші балаға рұқсат беру елдегі туу көрсекішінің төмендеуі проблемасын шешпейді.

"Қытай бала тууды жоспарлау саясатынан толығымен бас тартуы керек", — дейді ол.