Оқиға

Оралда ер адам автобус жөндеп жатып қаза тапты

Автослесарь автобусты жөндеп жатқан кезінде көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Оралда ер адам автобус жөндеп жатып, көліктің астында қалып қойды, деп хабарлайды "Мой город" өңірлік порталы.

Қайғылы оқиға Жәңгір хан көшесінде болған. №2 жолаушылар автобусы сынып қалып, жол жиегіне тоқтайды. Шақырылған автослесарь оны жөндеу үшін автобустың астына кіреді. Бірақ, сол сәтте көлік корпусын ұстап тұрған домкрат жылжып кеткен болуы керек, ер адам көлік астында жаншылып қалды. 

Автослесарь оқиға орнында қаза тапты.