АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ақпан айында Қазақстанда бензин мен дизельді отын қымбаттады, деп хабарлайды Колеса.kz.
АИ-91 маркалы бензиннің бағасы 2-4 теңгеге, солярканың бағасы 2-8 теңгеге өскен. Баға барлық дерлік ірі жанар-жағармай құю стансасында өзгерді. Тек Helios желісі ғана АИ-92-ні 162, ал дизельді отынды 160 теңгеден сатып жатыр.
"ҚазМұнайГаз" стансасында АИ-92 4 теңгеге қымбаттады. Қазір бұл бензин 163 теңгеден сатылуда. Sinooil желісінде де баға осылай. Бензиннің бір литрі бұрынғыдай 158 теңге емес, 162 теңге. Royal Petrol жағармай құю стансаларында АИ-92 бағасы 160-тан 162 теңгеге дейін көтерілді. "Газпромда" баға өзгерген жоқ – 163 тг/л.
Бензинмен қатар дизельді отын да қымбаттаған. Ең қымбат отынды "ҚазМұнайГаз" сатып жатыр – бір литрі 165 теңге. Бірден 8 теңгеге өскен. Royal Petrol бұрынғы бағаның үстіне 4 теңге қосып, солярканы 159 теңгеден сатуда. Ал «Газпром» пен Sinooil желілері небары 2 теңгеге көтерген, қазір бір литрі тиісінше 160 және 159 теңге.