Оқиға

Астанада оқушылар сарайының жанында баланы пышақтап кетті

Оқиға оқушылар сарайының аумағында би кешінен кейін болған
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Астанада оқушылар сарайының аумағында оқыс оқиға болып, оның салдарынан бір оқушы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ата-аналардың мессенджердегі чаттарының бірінде екінші наурызда дискотекадан кейін пышақталған балалар аурухана жеткізіліп жатыр деген ақпарат тарайды. 

Полиция бір оқушының жарақаттанып, аурухана түскенін растады. Жоғары сыныпта оқитын баланың жағдайы қазір тұрақты. 

Күдікті анықталып, ұсталған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды.