АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Алматы метрополитенінің директоры Нұрлан Мұханов өз еркімен қызметтен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Метрополитен" ӨМК директоры міндетін орындау қаржы және экономика мәселесі бойынша директордың орынбасары Қуаныш Қантаевқа тапсырылды. Бұрынғы директордың еңбек шарты қызметкердің өтінішімен 2017 жылдың 20 қарашасында күшін жойған", — деп хабарлады кәсіпорын баспасөз қызметі.
46 жастағы Мұханов бұл лауазымды 2016 жылдың сәуірінен бері иеленген.