Өңірлер

Жамбыл облысында алты адам ай далада үсіп қала жаздады

Жолаушылардың көлігі батпаққа батып қалып, өз беттерімен шығара алмай, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Жамбыл облысының құтқарушылары жолда қалып қойған алты адамды құтқарды, олардың үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті баспасөз қызметі.

Астана-Петропавл жолында 54 жолаушысы бар автобус сынып қалды

Құтқару қызметіне қоңырау екінші наурызда түн ортасы ауа бере түскен. Хабарласқан әйел адам Байзақ ауданында фазендасына бара жатқанда алты адамның адасып, жолда қалып қойғанын, араларында үш бала бар екенін айтыпты.

"Зардап шеккендер қайда екендіктерін нақты айта алмай, қалың тұман мен жолды жаңбыр суының шайып кетуі салдарынан іздеу жұмыстарын жүргізуде айтарлықтай қиындықтар туындады", — делінген хабарламада.

Нәтижесінде адасып кеткендер таңғы 4 кезінде Байзақ ауданындағы Ақжар ауылынан 32 шақырымдай жерде табылған. Volkswagen көлігі батпаққа батып, жүргізуші мен жолаушылар өз күштерімен шығарып алмақ болыпты, шамалары жетпеген соң, көмекке жүгінуге мәжбүр болған екен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар анасы мен балаларын көліктеріне отырғызып жылытып, батпаққа батқан көлікті шығарып алды. Зардап шеккендерді қауіпсіз жерге жеткізіп салды.