Әлем

Наркодиспансердегі өрт кезінде 20-дан астам адам ажал құшты

Таңертең ерте емханада өрт шығып, науқастар отқа оранған ғимараттан шыға алмаған
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Бакуде республикалық наркологиялық диспансердегі өрт кезінде, бастапқы деректер бойынша, жиырмадан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

Қарабатанда жатақханадағы өрттен алты адам қаза тапты

Диспансердегі өрт сөндірілді. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, жиырма алты адамның мәйіті Ясамал аудандық бөлімшесіне сот-медициналық сараптама жасау үшін жеткізілген. 

Өрт шамамен таңғы алты кезінде Бакудегі наркологиялық диспансердің екінші ғимаратынан шыққан. Науқастар отқа оранған емхана ғимаратынан шыға алмапты.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, үш зардап шегуші токсикологиялық орталыққа, біреуі Сабунчин ауруханасына жеткізілді.

1 / 4
Бакуде наркодиспансер өртенді
2 / 4
Бакуде наркодиспансер өртенді
3 / 4
Бакуде наркодиспансер өртенді
4 / 4
Бакуде наркодиспансер өртенді

Қаза тапқандардың денесі әбден күйіп қалған. Мәйіттерді туған-туыстарына табыстау үшін олардың кім екенін анықтау керек.