Оқиға

Қарабатанда жатақханадағы өрттен алты адам қаза тапты

Атырау облысында жұмысшылар жатақханасынан өрт шыққан
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қарабатандағы вахталық қалашық аумағындағы жатақханадан өрт шығып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысындағы жол апатында алты Өзбекстан азаматы тірідей өртеніп кетті

Құрылыс алаңы аумағындағы контейнер типтес жатақханадан бүгін 08.41-де өрт шыққан. Өрт кезінде жатақханада шамамен 20 адам болған, олардың төртеуі күйік алып, Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға жіберілді.

Оқиға орнында бастапқыда төрт адамның, кейін тағы екі адамның жансыз денесі табылған.

Өрт аумағы 500 шаршы метрді құрады. Жалын 10.25-те ауыздықталып, 10.45-те сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

1 / 2
Атырау облысында жұмысшылар жатақханасынан өрт шыққан
2 / 2
Атырау облысында жұмысшылар жатақханасынан өрт шыққан