АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Парламент палаталарының бірлескен отырысы 5 наурыз күні сағат 12:00-де өтеді, деп хабарлады ҚР Парламенті мәжілісінің ресми сайты.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тиісті өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылдың 5 наурызында сағат 12-де Астана қаласында өтеді", — делінген өкім мәтінінде.