Зейнеткер өзі құтқарып алған қос ләйлекті бағып жүр

Ер адам ата-анасынан айырылған екі ләйлекті құтқарып, бауырына басқан
Sputnik

Бастапқыда құстар қоректенуді де, қорек іздеуді де білмепті. Зейнеткер құстарды тіршілікке бейімдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.

"Мен олардың анасы емеспін, қалай өлтіру керектігін көрсете алмадым. Тірі балықты алып келгенімде, олар қорқып, жей алмады. Сөйтіп, үйретуге мәжбүр болдым. Бірақ, әрине, бәріне баулу мүмкін емес", — дейді Александр Крафт.

Зейнеткер құстарға құрт-құмырсқа, жәндік жегізеді, ал қыста оларға арнап арнайы жылы орын дайындаған.