АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөністің бағасы артты, деп хабарлайды Energyprom.kz мониторингтік агенттігі.
Қымбаттады
Өткен айда қияр 9,1%-ға қымбаттаса, қызанақ —8,9 %-ға. Отандық базарларда орамжапырақтың (5,4%-ға), пияздың (3,9%-ға), сәбіздің (2,6%-ға) және картоптың (2,3%-ға) бағалары өскені байқалады.
Жеміс-жидек бөлімінде де прайс біршама өзгерді. Банан 3,6%-ға қымбаттаса, алма – 1,2%-ға.
Бұлармен салыстырғанда сүт тағамдарының бағасы әлдеқайда тұрақты — қаймақтан жасалған спредтің құны 1,8%-ға артса, ірімшік небәрі 1%-ға қымбаттаған.
Маргарин (+1,1%) мен арақтың (+1,1%) да бағаларында сәл өзгеріс бар. Ал шошқа еті 1%-ға қымбаттады.
Арзандады
Қазақстанда қыстың соңына қарай цитрус жемістердің бағасы аздап төмендеді. Апельсиннің құны 0,9%-ға және лимон 0,4%-ға арзан тұрады.
Қазақстандықтар төмендетілген бағамен қарақұмық (- 4,6%), бұршақ (- 0,5%), тары (- 0,2%), сонымен бірге күріш (- на 0,1%) сатып алған.
Ал тауық еті, тауықтың саны мен жұмыртқа бағасы тиісінше 0,1%, 0,9% және 2,1%-ға төмендепті. Майшабақ та 0,1%-ға арзандаған.
Макарон 0,3%-ға, ұн 0,1%-ға, шәй мен тұз — 0,2%-ға арзанырақ болды.