Спорт

"Астана" футбол клубының бас бапкері тағайындалды

Станимир Стойловтың орнына бұрын "Астана", "Цесна" және "Алма-Ата" клубтарында қызмет еткен бапкер келді
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз  — Sputnik. "Астана" футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды, ол – Григорий Бабаян.

Қазақстанның футбол құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Григорий Бабаян Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып, "Астана", "Цесна" және "Алма-Ата" клубтарында жұмыс істеген.

"2014 жылы жазға дейін бас бапкер міндетін орындаушы ретінде команданы жаңа маусымға дайындаған болатын", — деп атап өтті клуб баспасөз қызметі.

Бапкер ретінде Бабаян Қазақстан чемпионатын төрт рет, Қазақстанның Кубогі мен Суперкубогін үш рет жеңіп алған.