Қоғам

Қазақстанда еңбек шартын қалай жасау керек?

Еліміздегі ресми емес еңбек қатынастарын анықтау мақсатында арнайы республикалық акция басталды
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз  — Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Еңбек шартын жасаңыз” атты республикалық акция бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Студенттер мен оқушылардың оқудан бос уақытта еңбек ету мүмкіндігі кеңейтілмек

"Жұмысшыларды еңбек келсімшартынсыз немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім негізінде жұмысқа алу әлі күнге өзектілігін жоймаған мәселелер қатарында қалып отыр. Әдетте оның басты себебі жұмыс берушінің міндетті төлемдер мен салықтан жалтаруы", — делінген хабарламада.

Республикалық акцияның мақсаты бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек  саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру.

“Еңбек шартын жасаңыз” шарасының міндеттері:

  1. еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатыстарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту;
  2. халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру;
  3. жұмыс берушілерге және өзін өзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы жұмыспен бейресми түрде қамту қатерлерін бағалау негізінде профилактикалық бақылау жүргізу жолымен, әкімшілік ден қою және бақылау шараларын  күшейту;
  4. мемлекеттік органдардың, әлеуметтік  әріптестердің  қатысуымен медиа құралдары арқылы халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын  жүргізу.

Шара аясында ақпараттық-насихат жұмыстарына БАҚ жұмылдырылады, сондай-ақ жұмыс берушілермен республикалық форум ұйымдастырылмақ.

"Еңбек шартын жасаңыз" республикалық акциясы бір жыл бойы жалғасады.