Қоғам

Теміржол тасымалдаушысы суық вагондар үшін 2 миллион теңгедей айыппұл төлейді

Жолаушылар Алматы-Қостанай бағдарлы пойызының вагондары суық деп шағымданды
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз  — Sputnik. Астана-Қостанай учаскесінде "Түрксіб Астана" тасымалдаушысының  №43/44 Алматы-Қостанай пойызы тексерілді, деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрлігі.

Енді теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алуға болады

Нәтижесінде ҚР Ұлтық стандарт талаптары орындалмаған 32 факті анықталған: вагон сыртының талапқа сай болмауы, терезелердің герметикалығын сақтамау, жолаушылар пойызында қызмет көрсету және т.б. Бұдан бөлек, жолаушылар бірқатар вагондардың салқын екенін айтып шағымданған.

Тексеру қорытындылары бойынша "Түрксіб Астана" ЖШС-не 1,9 млн. теңгеден астам айыппұл салу жоспарланып отыр.

Келісімге сәйкес тексеру актілері анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданып, бұдан былай кемшіліктерге жол бермеу үшін тасымалдаушыға жіберіледі.

Комиссиялық тексеріс әрі қарай жалғасып жатыр.