Оқиға

Алматыда көлік жүргізушісінің жүрегі ұстап, апатқа ұшырады

Жол апатына ұшыраған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Алматыда Қарасу шағын ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда жаяу жүргіншінің кесірінен жол апаты болды: бес адам зардап шеккен

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Toyota Highlander Солтүстік шеңбермен солтүстік бағытта келе жатқанда, жүргізушінің жүрегі ұстап қалған. Жол талғамайтын көлік бордюрден асып, қарама-қарсы бағыттық қозғалыс жолағынан өтіп барып, бағанаға бір-ақ соғылады.

Жүргізуші жедел жәрдем келгенше оқиға орнында жан тапсырды. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.

1 / 4
Алматыда көлік жүргізушісінің жүрегі ұстап, апатқа ұшырады
2 / 4
Алматыда көлік жүргізушісінің жүрегі ұстап, апатқа ұшырады
3 / 4
Алматыда көлік жүргізушісінің жүрегі ұстап, апатқа ұшырады
4 / 4
Алматыда көлік жүргізушісінің жүрегі ұстап, апатқа ұшырады