Әлем

Ксения Собчак Жириновскийдің үстіне су шашып жіберді

Бір стақан су танымал саясаткердің ашуын басқан жоқ, керісінше жағдайды одан бетер ушықтырды
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Ресей президенті болуға үміткер Ксения Собчак "Россия 1" арнасындағы дебат кезінде өзіне тіл тигізген Либерал-демократтар партиясының көшбасшысы Владимир Жириновскийдің үстіне су шашып жіберді.

Жириновский үміткер Сергей Бабуринге берілген уақыт кезінде сөзге араласып, кедергі жасаған. Собчак ЛДП көшбасшысын тәртіпке шақырып еді, әлгі оны балағаттап, тіл тигізе бастайды. Собчак болса саясаткердің бетіне стақандағы суды шашып жіберді.

​Преиденттікке үміткерлердің дебаты ел әскерінің қорғаныс қабілеті туралы болатын.