АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қызылордада көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы қирады, деп жазады оқиға куәгерлері интернетте.
Төтенше жағдай орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желідегі zello.kyzylorda тобында жарияланған.
Тұрғындардың айтуынша, оқиға 28 ақпанда "Титов" ауданында болыпты. Қолданушылардың сөзіне сүйенсек, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.