АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Бүгін Лос-Анджелес қаласында өткен іс-шарада қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес қол алысарда бір-бірін түсінбей қалды, деп жазды prosports.kz сайты.
Екі боксшы қызыл кілем үстінде суретке түсіп, артынша қол алысарда бір-бірін түсінбей қалды. Головкин алақанын берсе, Альварес жұдырығын түйді. Алайда екі боксшы да тез арада бір-бірін түсініп, күле қоштасты.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 5 мамыр күні Лас-Вегастағы Т-Mobile аренасында өтеді.