Спорт

"Сен өтірікшісің". Альварес GGG-дің командасымен сөзге келіп қалды

Головкина –Альварес реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегасте өтеді
Sputnik

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Лос-Анджелесте Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясы кезінде "Канело" мен  Головкиннің GGG бапкері Абель Санчес арасында қызу пікірталас болды, деп жазды Sports.kz.

 

Головкин Альвареспен жекпе-жекке толық дайын болмағанын мойындады
Микрофонды алған Альварес алғашқы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетемін деген уәдеңді орындамадың деп қазақстандық боксшыға айып тақты.  

"Біріншіден, сен өз жанкүйерлеріңе мені нокаутқа түсіруге уәде беріп, оларға өтірік айттың, қолыңнан келмеді", — деп бастады  "Канело". 

Осы кезде бапкер Абель Санчес шәкіртіне араша түсіп, қашып жүрген адамды нокаутқа түсіру мүмкін емес екенін мәлімдеді. Кейін Санчес пен Альварес арасындағы дау испан тілінде жалғасты.

Айта кетейік, Головкина –Альварес реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегасте өтеді.