Қоғам

Астана әкімі баспана бағасы қанша екенін айтты

2017 жылы елордада екі миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген
Sputnik

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Елорда басшысы Әсет Исекешев қаладағы баспана бағасының динамикасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған баспана қашан арзандайды?
Оның айтуынша, былтыр екі миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. 

"Мемлекеттік тұрғын үйдің бағасы шаршы метріне 108 мың теңгеден аспайды. Елордалық құрылысшылар жыл сайын пәтер бағасын төмендетуде. Біз инфрақұрылым жүргізу арқылы оларды қолдап отырмыз. Соңғы үш жылда бастапқы баспананың орташа құны теңгемен алғанда 10 пайызға, доллармен екі есеге төмендеді", — деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.