Қоғам

Исекешев Астананың барлық ауданын базармен қамтуды көздеп отыр

Қала әкімі болашақта ең кемі бес жаңа базар салынатынын айтты
Sputnik

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Астанада кем дегенде жаңа бес базар салынады. Бұл туралы бүгін қала басшысы Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астананың сол жағалауында екі базар салынады
"Қаладағы базарларға қатысты талдау жүргіздік. Қазір жаңа базарлар салу бойынша инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Кем дегенде бес базар салу жоспарда бар. Бірнешеуінің құрылысы биыл басталады. Олар Бейсекова көшесінде, теміржол ауданында. Тұрғындар азық-түлік үшін қаланың бір шетіне барып жүрмеу үшін әр ауданда базар салмақпыз. Біздің мақсатымыз осы", — деді әкім. 

Айта кетсек, бүгінде Астана тұрғындары сауда-саттық үшін "Артем", Орталық базарларға барады.